Ақтөбе әкімі жастар құрамасының жаттығуын тамашалады

Ақтөбе әкімі жастар құрамасының жаттығуын тамашалады

Қазақстан жастар құрамасы Бельгиямен ойын алдында дайындықтарын пысықтап, Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда жаттығу жасады.

Жаттығу алдында Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров пен Қазақстан футбол федерациясы Президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов футболшылармен кездесіп, маңызды ойынға сәттілік тіледі.

Шаһар басшысы ел футболының дамып келе жатқанын атап өтіп, ертеңгі кездесуде жас ойыншыларға жергілікті жанкүйерлердің ерекше қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

Өз кезегінде Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Қайрат Нұрдәулетов халықаралық ойынға дайындықтың жоғары деңгейде ұйымдастырып жатқанын айтып, алғысын білдірді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или