Астаналық жанкүйерлер клубқа Дмитрий Васильевтің тағайындалуына қарсы петиция құрды
«Old Boys» фан-қозғалысындағы «Астана» жанкүйерлері спорт және туризм министрі Ақтота Райымқұлова мен Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбековтің атына ұжымдық хат жазды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz.
Жанкүйерлер Дмитрий Васильевтің астаналық клубқа тағайындалуына қарсы.
Еске салайық, ресейлік маман Дмитрий Васильев әр жылдары Ресейдің «Динамо», «Москва», «Урал», «Ростов» футбол клубтарының коммерциялық директоры және «Тюмень» клубының стратегиялық даму жөніндегі директоры болған.
2015 жылы Васильев талдықорғандық «Жетысуды», 2016 жылы «Ақтөбе» футбол клубын басқарған.
2016 жылы Дмитрий Васильев өзгенің сеніп тапсырылған мүлкін иемденді және жымқырды, «Ақтөбе» ФК мүшелеріне 240 миллион теңгеден астам мөлшерде бонустарды заңсыз төледі деген күдікпен ұсталды.
2017 жылы мамырда ол 8 жылға бас бостандығынан айырылған. Бірнеше айдан кейін сот шешімі бос бостандығын шектеуге ауыстырылды, кейіннен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Васильевті ақтады, іс жүргізу қылмыстық құқық бұзушылық белгілерінің болмауына байланысты тоқтатылды.
2020 жылы Васильев павлодарлық «Ертістің» спорт директоры қызметіне тағайындалған.