Қазақстан Суперкубогы үшін өтетін ойынға Георгий Жуков қатыспауы мүмкін

Қазақстан Суперкубогы үшін өтетін ойынға Георгий Жуков қатыспауы мүмкін

«Астана» жартылай қорғаушысы Георгий Жуков жарақатынан толық айыққан жоқ және ол Қазақстан Суперкубогы матчына қатыспауы мүмкін.

Жуков өткен маусымның аяғында чемпиондыққа таласқан «Астана» мен «Қайрат» матчының алдында тізесін жарақаттап алған еді. Жартылай қорғаушының алаңға қайта оралуы осы екі команданың Суперкубок үшін өтетін кездесуіне тура келуі ықтимал.

Бас бапкер Станимир Стойлов ойыншыны қалпына келтіру үшін оқу-жаттығу жиынында ауыр жаттығулар мен жолдастық матчтардан босатты. Алайда, Георгий Жуковтың 1 наурыз күні жасыл алаңға шығу мүмкіндігі елу пайызға тең.

Бұған дейін хабарланғандай, елордалық клубтың тағы бір өкілі Берік Шаихов жарақатына байланысты қатардан шығып қалды.

Қазақстан Суперкубогы матчы 1 наурыз күні Астанада өтеді. Кездесу Астана уақытымен 15:30-да басталады. Тікелей эфир «Хабар» телеарнасынан жүргізіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или