«Аякс» академиясынан келген Мұрат Онал биыл да «Қыранда» ойнайды

«Аякс» академиясынан келген Мұрат Онал биыл да «Қыранда» ойнайды

Футболдан Қазақстан чемпионатының бірінші тобындағы командалар биылғы доп додасын 4 сәуір күні бастайды. Осыған орай, Шымкенттің "Қыраны" жаңа маусым дайындығын Түркияда пысықтап келді, деп жазады «Алаш айнасы».

"Қыран" биылғы маусымды өз алаңында бастайды. Шымкент клубының баспасөз қызметі алғашқы турда Қызылорданың "Байқоңыр" клубын қабылдайтындықтарын мәлімдеп отыр. Ал 29 наурызда Қазақстан кубогы аясында Ақтаудың "Каспий" клубымен кездеседі екен.

"Қыран" алдағы маусымда жанашыр жанкүйерлерінің сенімдерін ақтауды көздейді. Тәжірибелі бапкерлер Амерби Динаев пен Әуелбек Дербісбаевтің шәкірттері биылғы ел чемпионатына жан-жақты дайындық жүргізіп, үздік үштікке енуді жоспарлап отырған көрінеді.

Облыс спортының басшысы Әлібек Нұртаевтың бастамасымен "Қыран" клубы 20 ақпан күні Түркияға халықаралық деңгейдегі оқу-жаттығу жиынын өткізуге аттанды. Енді олар Анталья қаласында екі апта бойы жаттығу жұмыстарын жүргізеді.

Клуб директоры Талғат Пошимовтың мәлімдеуінше, қырандықтардың ел біріншілігіне жоғары деңгейде дайындалуларына барлық мүмкіндіктар жасалып, қарастырылған.

Былтыр "Қыран" клубының намысын қорғаған талантты қазақ футболшысы, Голландияның "Аякс" футбол академиясының түлегі Мұрат Онал биыл да шымкенттік клубтың сапында өнер көрсетеді. Ол кеше ғана клуб директоры Талғат Пошимовпен жаңа келісім-шартқа отырыпты. Бұл ақпаратты клубтың баспасөз қызметі таратты.

Сондай-ақ, команда сапына "Ордабасы", "БИІК" футбол командалары мен аудан футболшылары арасынан бірқатар ойыншылар шақыртылған. Олар енді халықаралық деңгейдегі оқу-жаттығу жиыны кезінде сынақтан өтетін болады. Олардың жалпы саны 30-ды жуықтайды. "Қыран" клубының құрамы 10 наурыздан кейін белгілі болады.

«Алаш айнасы» сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или