Серхио Агуэро: «Алаңда Месси екеуіміздің достығымыз аяқталады»

Серхио Агуэро: «Алаңда Месси екеуіміздің достығымыз аяқталады»

«Манчестер Ситидің» аргентиналық шабуылшысы Серхио Агуэро «Барселонаға» қарсы кездесуде отандасы Лионель Месси досы емес, қарсыласы болатынын жеткізді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Алаңда достықтың болмайтыны белгілі. Екеуіміз де ойынның соңғы секунды қалғанша өз командамыз үшін жанымызды саламыз. Бұл – жаңа ойын, «Манчестер Сити» былтырғы командадан қатты өзгерді. Бірақ қарсыласымыз туралы да солай айтуға болады. Екі команда да жаңа футболшымен толықты. Сондықтан жағдайдың қалай боларын көре жатармыз. Бірақ бір ғана нәрсе айта аламын: екі матч та қызық болады», - деді Агуэро.

Естеріңізге сала кетсек, «Барселона» мен «Манчестер Сити» Чемпиондар лигасының 1/8 финалында кездеседі. Алғашқы ойын бүгін «Комп Ноу» стадионында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или