Түркия Еуропа чемпионатына қатысатын құрамын жариялады
Футболдан Түркия құрамасының бас бапкері Шенол Гюнеш Еуропа чемпионатына қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады, деп жазады Prosports.kz.
Қақпашылар: Алтай Байындыр (Фенербахче), Мерт Гюнок (Истанбул Башакшехир), Угурджан Чакыр (Трабзонспор)
Қорғаушылар: Зеки Челик (Лилль), Чаглар Сеюнджю (Лестер), Каан Айхан, Мерт Мюлдюр (екеуі де — Сассуоло), Мерих Демирал (Ювентус), Озан Кабак (Ливерпуль), Рыдван Йылмаз (Бешикташ), Умут Мераш (Гавр);
Жартылай қорғаушылар: Юсуф Языджы (Лилль), Дорукхан Токез (Бешикташ), Ирфан Кахведжи, Озан Туфан (екеуі де — Фенербахче), Окай Йокушлу (Вест Бромвич), Оркун Кекчю (Фейеноорд), Тайлан Антальялы (Галатасарай), Хакан Чалханоглу (Милан);
Шабуылшылар: Бурак Йылмаз (Лилль), Дженгиз Юндер (Лестер), Энес Унал (Хетафе), Абдюлкадир Эмюр (Трабзонспор), Керем Актюркоглу, Халил Дервишоглу (екеуі де — Галатасарай), Кенан Караман (Фортуна Дюссельдорф).