«Челси» – Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазы

«Челси» – Чемпиондар лигасының екі дүркін жеңімпазы

Бүгін Португалияның «Драгау» стадионында Еуропадағы ең беделді футбол жарысы – Чемпиондар лигасының финалы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шешуші айқаста ағылшынның қос командасы – «Манчестер Сити» мен «Челси» командалары кім мықтыны анықтады. Лондондық клуб бұған дейін финалда екі рет ойнап, оның біреуінде жеңген еді. Ал манчестерлік футболшылар Чемпиондар лигасының финалына тұңғыш рет шыққан. 

Финал тағдырын бір ғана гол шешті. 42-минутта Кай Хаверц сәтті ашылып, Эдерсонмен бірге-бір шықты. Қақпашыны алдап өткен ол бос қақпаны дәл көздеді. 

Екінші таймда манчестерлік клуб таразы басын теңестіруге тырысты, бірақ «ақсүйектер» қорғаныста сенімді ойнап, қарсыласына мүмкіндік бермеді. Қорытынды есеп - 1:0. 

Осылайша, «Челси» тарихында екінші рет Чемпиондар лигасында топ жарып отыр. Бұған дейін команда 2011/12 жылғы маусымда «Баварияны» жеңіп, алғаш рет турнирде жеңіске жеткен еді.  

Чемпиондар лигасы – 2020. Финал

«Манчестер Сити» – «Челси» (0:1)

Гол: Хавертц 42

«Манчестер Сити»: Эдерсон, Уокер, Диаш, Стоунз, Стерлинг, Гюндоган, Зинченко, Бернарду Силва, Де Брюйне, Фоден, Марез.

«Челси»: Менди, Рюдигер, Жоржиньо, Тьягу Силва, Канте, Вернер, Маунт, Чилуэлл, Джеймс, Аспиликуэта, Хавертц.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или