«Реал» биыл трансферге 150 млн еуро жұмсайды
«Реал» басшылығы биыл жазда командада үлкен өзгеріс жасауға ниетті.

Marca мәліметінше, мадридтік команда жаңа ойыншыларды сатып алу үшін 130-150 миллион еуро көлемінде қаржы жұмсауға дайын.

Бұл қаржыны «Реал» бірнеше ойыншысын сату арқылы таппақ. Трансферге Лука Йович, Дани Себальос, Мариано Диас шығарылады.

Бұған қоса, «Реал» Эде Азар бойынша 50 млн еуродан көп ұсыныс түссе сатуға дайын екенін аңғартқан. Сондай-ақ Марко Асенсио да келер маусымда командада қалмайды.

Мадридтік команда айлық мәселесін келісімшарты аяқталатын Гарет Бэйл, Иско және Марселомен қош айтысу арқылы шешуді қарастырып отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или