Гвардиола Чемпиондар лигасын жеңсе де «Манчестер Ситиден» кетпейді

Гвардиола Чемпиондар лигасын жеңсе де «Манчестер Ситиден» кетпейді

«Манчестер Ситидің» бас бапкері Пеп Гвардиола биыл жазда командадан кетпейді. Бұл туралы журналист Фабрицио Романо мәлімдеді.

Ағылшын клубы Чемпиондар лигасын жеңіп алғанның өзінде испаниялық маман жұмыс орнын ауыстыруға ниетті емес.

Гвардиола «Ман Сити» басшылығымен келесі маусымның трансферлік жоспарын жасап жатқан көрінеді.

Бұған дейін «Барселона» президенті Жоан Лапорта Чемпиондар лигасының финалы өткен соң, Гвардиоламен хабарласып, командаға оралуын сұрайтыны туралы ақпарат шыққан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или