Құрбан Бердыев «Қайратта» жұмыс істейді
Құрбан Бердыев «Қайрат» ФК Бақылау кеңесі төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы алматылық клубтың баспасөз қызметі ресми мәлімдеді.
Бүгін Т.Сегізбаев атындағы академияда Құрбан Бекиұлы «Қайрат» командасына таныстырылды.
Тәжірибелі маман клубта үш бағытта жұмыс істейді: негізгі құрамның, клуб академиясының және «Қайрат» Мәскеу жобасының жұмысын қолдау және кеңес беру.
Жұмыс аралас режимде жүзеге асырылады. Оқыту кездесулері мен семинарлар өткізу үшін Алматыға тұрақты сапар және қашықтан жұмыс.
Бүгін Академияның жаттықтырушылар құрамымен алғашқы кездесу өтті. Атап айтқанда академияның U-14 және U-15 командаларының жаттығу процесіне талдау жасалды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или