ҚФФ төрешілік ету департаментінің жаңа директоры тағайындалды

ҚФФ төрешілік ету департаментінің жаңа директоры тағайындалды

Қазақстан футбол федерациясында төрешілер корпусының шұғыл жиналысы өтіп департаменттің жаңа директоры тағайындалды.

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков осыған дейін департаменттің басшысы болған Сергей Кенетаевқа алғысын білдіріп, атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.

Хуан Фернандес 1957 жылы 3 желтоқсан күні Мадрид қаласында дүние есігін ашқан. Көп жылдар бойы Испания чемпионатының матчтарында төреші болған. Сонымен қатар, испан маманы Чемпиондар лигасы, УЕФА кубогы, Әлем чемпионаты мен Еуропа кубогының іріктеу ойындарында қызмет атқарған.

«Осындай ұсыныс білдірген Қазақстан футбол федерациясына алғысымды айтамын. Мен Қазақстан футболындағы төрешіліктің деңгейін көтеру үшін бар күшімді саламын. Төрешілер футболдың ажырамас бір бөлігі», – деді Фернандес мырза.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или