Рамос Испания құрамасына шақырту алмады
Футболдан Испания құрамасының бас бапкері Луис Энрике Еуропа чемпионатына қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады, деп жазады Prosports.kz.
Жанкүйер назарын аударған басты жаңалық, тізімге «Реал Мадрид» командасынан бірде-бір ойыншы енген жоқ.
Мұндай жағдай Испания құрамасы тарихында алғаш рет кездесіп отыр (ірі халырақаралық турнирде).
Қақпашылар: Унаи Симон (Атлетик), Давид Де Хеа (МЮ), Роберт Санчес (Брайтон)
Қорғаушылар: Хосе Гайя (Валенсия), Хорди Альба (Барселона), Пау Торрес (Вильярреал), Эмерик Ляпорт, Эрик Гарсия (екеуі де — Ман Сити), Диего Льоренте (Лидс), Сезар Аспиликуэта (Челси), Маркос Льоренте (Атлетико)
Жартылай қорғаушылар: Серхио Бускетс, Педри (екеуі де — Барселона), Родри (Ман Сити), Тьяго (Ливерпуль), Коке (Атлетико), Фабиан Руис (Наполи)
Шабуылшылар: Дани Ольмо (Лейпциг), Микель Оярсабаль (Сосьедад), Альваро Мората (Ювентус), Жерар Морено (Вильярреал), Ферран Торрес (Ман Сити), Адама Траоре (Вулверхэмптон), Пабло Сарабия (ПСЖ).