Бөрібаев «Ақтөбеге» қарсы матч туралы пікірін айтты
«Тұран» бас бапкері Абдухалық Бөрібаев ел чемпионатының 13-турындағы «Ақтөбеге» (3:1) қарсы матч туралы пікірін айтты, деп жазады Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Бұл жауапты кездесуге аса ынта-жігерімізбен дайындалдық. Футболшыларымыз өте жақсы жұмыс істеді. Керемет мүмкіндіктерді пайдаланып, голдар салып, барлықтарымызды қуантты.
Сөз реті келгенде айтарым, командамызға қолдау көрсетіп жатқан жанкүйерлерімізге үлкен рақмет. Бұл жеңіске деген сенімділігімізді арттырады. Жалпы алғанда, футбол - бұл мереке. Мəселен, Ақтөбенің жергілікті жанкүйерлері де біздің көңілімізден шықты. Біздің команданың ұтып кеткеніне қарамастан, тамаша көңіл-күймен бізді шығарып салды. Талабы мен сенімдері мықты түркістандық жанкүйерлерімізді жеңістерімізбен қуанта береміз дегім келеді.