«Қоштаса беруіне болады». Николай Иванов «Астана» - «Қайрат» матчына болжам жасады
Бүгін футболдан Қазақстан чемпионатының 13-туры аясында турнир кестесінде көш бастап тұрған «Астана» өз алаңында алматылық «Қайратты» қабылдайды.
Prosports.kz тілшісіне<span> </span>қазақстандық футбол сарапшысы Николай Иванов екі астана дербиіне болжам жасады.
- Тек футбол тұрғысынан алсақ, «Астана» мықтырақ және алдағы кездесудің фавориті саналады. Өз алаңы және басқа да фактортар елордалық клубтың пайдасына. «Қайрат» биыл әлсіздеу, команда әр позицияда тұрақсыз, ойын тәртібі мен моделі қалыптаспаған. Алматылықтардың жақсы орындаушылары бар, бірақ ойынның өзі көп сұрақ тудырады. Әр футболшы тек өзіне ойнайды, алдауға құмар Әліқұлов немесе тек соққы жасайтын Кантені алайық. «Қайратта» комбинациялық футбол жоқ, сондықтан бүгін «Астана» үш ұпай алса, алматылықтар чемпиондықпен қоштаса беруіне болады, - деді бұрынғы футбол функционері.
Еске салайық, 12 турдан кейін «Астана» 32 ұпай жинап, ҚПЛ турнир кестесінде көш бастап келеді. Ал олардан 12 ұпай аз жинаған «Қайрат» төртінші орында тұр.