Роналду «Манчестер Юнайтедке» оралуы мүмкін

Роналду «Манчестер Юнайтедке» оралуы мүмкін

«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтедке» оралуы мүмкін. Бұл туралы AS басылымы хабарлады.

Тәжірибелі футболшының командаға қосылуын «қызыл сойқандардың» бас бапкері Уле-Гуннар Сульшердің өзі қалап отыр.

Биылғы маусымдағы «Ювентустың» нәтижесі Роналдудың көңілінен шықпай жүр. Егер маусым қорытындысы бойынша туриндік команда Чемпиондар лигасына жолдама ала алмаса португалиялық ойыншы өзге клубтардың ұсынысын қарастырады.

Роналду Англияға оралу үшін жалақысын қысқартуға дайын. Қазір ол «Ювентусте» 31 миллион еуро жалақы алады. Ал «Манчестер Юнайтед» жылына тек 20 миллион еуро төлеуге дайын.

Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, Роналду «Манчестер Юнайтед» сапында екі маусым өткізіп, сосын «Спортингте» мансабын аяқтауды ойластырып жүрген көрінеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или