Таеквондошы Женсель Дениз Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды
Амман қаласында (Иордания) өтіп жатқан WT Таеквондодан Азия аймақтық іріктеу турнирінде қазақстандық таеквондошы Жансель Дениз қоржынына кезекті жолдаманы салды.
Жарыстың екінші күні 67 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Джансель Дениз Тәжікстан спортшысын жеңіп, жарыстың финалына шықты. Осылайша, отандасымыз Қазақстан үшін WT таеквондодан Токио-2020 Олимпиадалық ойындарына бірінші лицензияны жеңіп алды.
Айта кетейік, бүгін біздің екі спортшымыз өнер көрсететін болады – Джансель Дениз (67 келіден жоғары) және Руслан Жапаров (80 келіден жоғары).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или