Еуро-2016. Қазақстан-Түркия арасындағы ойын Алматыда өтетін болды

Еуро-2016. Қазақстан-Түркия арасындағы ойын Алматыда өтетін болды
<p> <strong>Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында Түркия құрамасымен Алматы қаласында кездеседі. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов мәлімдеді.</strong></p> <p> Ел құрамасының бұған дейінгі ойындары Елордадағы &laquo;Астана-Арена&raquo; стадионында өтіп келген болатын. Алматының Орталық стадионында өтетін аталмыш кездесуді енді оңтүстік астаналық жанкүйерлер тамашалай алады. Ойын 12-шілде күні өтеді. Естеріңізге сала кетсек, 28-наурызда өтетін Қазақстан-Исландия арасындағы кездесу де Астана қаласынан Алматыға ауыстырылуы туралы мәселе көтерілген еді.&nbsp;</p> <p> Юрий Красножан шәкірттері кеше ғана Молдова құрамасымен тең ойнаған болатын. Түркияның Анталья қаласында өткен жолдастық кездесуде 1:1 есебі тіркелді. Жерлестеріміз 31 наурыз күні Ресей құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.&nbsp;</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или