Яя Туре ресейлік клубтың бапкерлік штабына енуі мүмкін

Яя Туре ресейлік клубтың бапкерлік штабына енуі мүмкін

«Манчестер Сити» бұрынғы жартылай қорғаушысы Яя Туре грозныйлық «Ахматты» жаттықтыратын Андрей Талалаевтың бапкерлік штабына енуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz. 

«РБ Спорт» мәліметінше, клуб басшылығы Туреге қызмет ұсынбақ, бұған Талалаев та мүдделі. Ол ивуар футболшысын «Химки» сапына 2019 жылы да шақырған, бірақ ол кезде Туре футболшы ретінде карьерасын жалғастырған.

Айта кетейік, Туре бапкерлік қызметін донецкілік «Олимпикте» бастап, Юрий Калитвинцевке көмектескен. Яя Туре футболшы кезінде «Манчестер Ситиден» бөлек, «Барселона», «Олимпиакос», «Монако» мен қытайлық «Циндао Хайню» сапында ойнаған.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или