«Манчестер Сити» 36 жастағы Фернандиньоға жаңа келісімшарт ұсынады

«Манчестер Сити» 36 жастағы Фернандиньоға жаңа келісімшарт ұсынады

Ағылшындық «Манчестер Сити» басшылығы 36 жастағы бразилиялық жартылай қорғаушы Фернандиньоға бір жылдық жаңа келісімшарт ұсынуға шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

36 жастағы жартылай қорғаушы келісімшарт ағымдағы маусымның соңында біткен кезде клубтан кетеді деген ақпарат тараған еді. Бірақ футболшы соңғы матчтарда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, әлі де алып клуб намысын абыроймен қорғай алатынын аңғартты. 

Естеріңізге сала кетейік, Фернандиньо «Манчестер Ситиге» 2013 жылдың жазында Донецктің «Шахтерінен» 40 миллион еуроға ауысқан еді. 8 жыл ішінде 348 матч өткізіп, 24 гол соғып, 28 нәтижелі пас берген. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или