Дамир Исмағұлов жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады
Этникалық қазақ Дамир Исмағұлов UFC-дегі алдағы жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады.
Жекпе-жекке санаулы күндер қалды, қазір барлық қатысушы салмақ қуып, дайындалып, әлеуметтік желіде жаңалықтарын бөлісіп жатыр. «2 жылдан бері қолғабым жұмыссыз тұр, әр нәрсенің өз уақыты бар! Өзімді енді алғашқы жекпе-жегін өткізетіндей жақсы сезініп жүрмін», – деп жазды файтер Instagram-парақшасында.
Айта кетейік, Дамир Исмағұлов 22 мамырда UFC Fight Night 182 турнирінде жекпе-жек өткізеді. Қарсыласы Бразилия спортшысы Рафаэль Алвес болмақ. Дамир Исмағұлов үшін бұл UFC аясындағы төртінші жекпе-жек болады. Кейінгі үшеуінде ол жеңіске жеткен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или