«Астана» — «Қайрат» матчының басталатын уақыты өзгерді

«Астана» — «Қайрат» матчының басталатын уақыты өзгерді

Қазақстан премьер-лигасының 13-туры аясында өтетін «Астана» - «Қайрат» матчы бір сағаттан кейін басталады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ыстық ауа-райына және Қазақстан Чемпионатының матчтарын көрсететін каналдардағы эфир уақытының көптігіне байланысты, Қазақстан Чемпионатының 13-турының «Астана» - «Қайрат» ойынын кейінге шегеру туралы шешім қабылданды. Сағат 21:00-ге», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта «Астана» 32 ұпаймен турнир кестесінде көш бастап келе жатса, «Қайрат» 20 ұпаймен төртінші орында келеді.

Ортада Қостанайдың «Тобылы» мен Оралдың «Ақжайығы» бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или