Роналду тағы бір теңдессіз рекорд орнатты

Роналду тағы бір теңдессіз рекорд орнатты

«Ювентус» Италия кубогының финалында «Аталантаны» 2:0 себімен жеңіп, чемпион атанды, деп жазады Prosports.kz.

Португалиялық Футболшы «Ювентуске» келгелі алғаш рет Италия кубогына ие болды. Бұл оның туриндік клуб сапындағы 5-жүлдесі болатын. Кубоктан бөлек екі рет А сериясын, екі рет Суперкубокты жеңіп алған.

Осылайша, потугалиялық футболшы үш ірі чемпионаттың барлық жүлдесін жеңіп алған алғашқы ойыншы атанды. Ол бұған дейін Англия ( «Манчестер Юнайтедте») мен Испанияның («Реал Мадридте») лига, кубок және суперкубогына ие болған.

Айта кетейік, Роналду жақында ғана тағы бір теңдессіз рекорд орнатқан. Ол үш түрлі клубта және ұлттық құрамада 100-ден көп гол соққан алғашқы ойыншы ретінде тарихқа енді. Роналду Португалия құрамасы сапында 103, «Манчестер Юнайтедте» 118, «Реал Мадридте» 451, ал «Ювентуста» 101 гол соқты. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или