«Қайраттың» негізгі қорғаушысы «Астанамен» ойынға қатыспайды

«Қайраттың» негізгі қорғаушысы «Астанамен» ойынға қатыспайды

«Қайрат» футбол клубының сербиялық қорғаушысы Раде Дугалич ел чемпионатының 13-туры аясындағы «Астанамен» ойынға қатыса алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

28 жастағы қорғаушы сары қағаздың көптігіне байланысты келесі матчқа қатыспайды.

12-турдағы «Ақтөбеге» қарсы матчта Дугалич осы маусымда төртінші рет сары қағаз алды. Бұған дейін Рада Дугалич «Қайсар» (19 наурыз), «Тараз» (5 сәуір) және «Ақжайық» (14 мамыр) командаларымен ойындарда ескерту алған.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана» - «Қайрат» матчы 23 мамырда Нұр-Сұлтанда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или