«Төрешіге ештеңе айтпадым». Лобанцев алаңнан қуылуы туралы

«Төрешіге ештеңе айтпадым». Лобанцев алаңнан қуылуы туралы

«Қызыл-Жар» қақпашысы Мирослав Лобанцев Қазақстан чемпионатының 12-турында «Тобылға» қарсы матчта алған қызыл қағазы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бірінші кезекте, алған қызыл қағазым үшін жанкүйерлерден кешірім сұрағым келеді. Алайда маған қызыл қағаз неге көрсеткенін әлі түсінбеймін. Мен пенальтиді кері қайтарғаныма қуандым. Бірақ мені жазалайтындай төрешіге ештеңе айтпадым», - деді Лобанцев.

«Қызыл-Жар» бұл матчта қостанайлық клубтан 0:2 есебімен жеңілген болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или