Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы қамауға алынды

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы қамауға алынды

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Сергей Остапенконы полиция қамауға алды. Бұл туралы «Спорт Шредингера» Instragram-парақшасы мәлімдеді.

«Остапенко мас күйінде көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды. 16 мамыр күні таңертең Алматы полициясы оны тоқтатып, медициналық тексеріске апарған.

Полицияның мәліметінше, мән-жайды анықтау барысында Остапенко мен жұбайы қарсылық көрсеткен. Сергейдің өзімен бірге құжаты болған, оған қоса ол қашуға тырысқан», — деп жазды дереккөз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или