АПЛ: Эдерсон үздік қақпашы атанды
«Манчестер Сити» футбол клубының қақпашысы Эдерсон Англия Премьер-лигасының үздік қақпашысына берілетін Алтын қолғап жүлдесін алды, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы манчестерлік клуб ресми хабарлады.
Айта кетейік, бұл сыйлық маусымда ең көп құрғақ ойын (гол жібермеген) өткізген қақпашыға беріледі. Эдерсон 2020/21 жылғы маусымда 18 кездесуде қақпасына гол өткізген жоқ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или