АПЛ: «Челси» «Лестерден» есе қайтарды

АПЛ: «Челси» «Лестерден» есе қайтарды

«Челси» мен «Лестер» төрт күн ішінде екінші матч өткізді. Бұл жолы командалар Англия чемпионатының 37-турында кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші тайм 0:0 есебімен аяқталды, ал екінші таймның ортасында <span>Антонио Рюдигер мен Жоржиньо</span> көзге түсіп, «Челсиді» екі доп айырмасымен есепте алға шығарды. Қалған уақытта қонақтар бір гол соға алды.

2:1 есебімен жеңіске жеткен «Челси» Англия кубогының финалындағы жеңілісі үшін есе қайтарып қана қоймай, үшінші орынға көтерілді. 

«Челси» (Лондон) – «Лестер Сити» (Лестер) 2:1 (0:0)

Гол соққандар:<span> </span><span>1:0 – Рюдигер (47), 2:0 – Жоржиньо (66, пен), 2:1 – Ихеаначо (76)</span>

<span></span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или