Бензема Франция құрамасына қайта шақырту алды
Футболдан Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам Еуропа чемпионатына қатысатын ойыншылардың тізімін жариялады, деп жазады Prosports.kz.
Жанкүйер назарын аударған басты жаңалық Карим Бенземаның құрамаға қайта шақырту алуы болды. «Реал Мадрид» шабуылшысы 2015 жылы қазаннан бері Франция құрамасына шықыртылған жоқ.
Айта кетейік, Бензема ұлттық құрама сапында 81 матчқа қатысып, 27 гол соққан.
Қақпашылар: Уго Льорис (Тоттенхэм), Майк Меньян (Лилль), Стив Манданда (Лион)
Қорғаушылар: Люка Динь (Эвертон), Лео Дюбуа (Лион), Лукас Эрнандес (Бавария), Тео Эрнандес (Милан), Преснель Кимпембе (ПСЖ), Жюль Кюнде (Севилья), Бемжамен Павар (Бавария), Рафаэль Варан (Реал), Курт Зума (Челси)
Жартылай қорғаушылар: Эдуардо Камавинга (Ренн), Нголо Канте (Челси), Поль Погба (Манчестер Юнайтед), Адриэн Рабио (Ювентус), Мусса Сиссоко (Тоттенхэм), Корентин Толиссо (Бавария)
Шабуылшылар: Карим Бензема (Реал), Кингсли Коман (Бавария), Усман Дембеле (Барселона), Оливье Жиру (Челси), Антуан Гризманн (Барселона), Тома Лемар (Атлетико), Антони Мартиаль (Манчестер Юнайтед), Килиан Мбаппе (ПСЖ).