«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы ресейлік клубқа ауысты

«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы ресейлік клубқа ауысты

Ивуарлық шабуылшы Мохамед Конате Ресейдің «Ахмат» клубымен келісімшартқа қол қойды, деп жазады Prosports.kz.

Грозныйлық клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ойыншымен келісімшарт «1+2» жүйесінде жасалды.

Мохамед Конате 2018 жылы «Қайраттың» жастар командасында, Бірінші лигада бақ сынайтын «Қайрат А» <span>сапында 12 матч өткізіп, 3 гол соққан.</span> Кейін ол Арменияның «Пюник» командасында өнер көрсетті<span>. </span>

Айта кетейік, «Ахмат» сапында Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Марат Быстров өнер көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или