Қазақстандық диджей Иманбектің әні Еуро-2020 ресми плейлистінен шығарылды

Қазақстандық диджей Иманбектің әні Еуро-2020 ресми плейлистінен шығарылды

Футболдан Еуропа Чемпионатының ресми плей-листінен бірден бірнеше трек алынып тасталды. Мұның себебі, мәтіндерде боқауыз сөздердің кездесуі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олардың ішінде қазақстандық Иманбек, ресейлік Моргенштерн және американдық Fatty Wap бірлесіп шығарған туынды Leck әні де бар.

РИА Новостидің хабарлауынша, УЕФА-ның баспасөз қызметі плейлист әзірлеушілерімен байланысқа шығып, мәтіндегі ұятсыз сөздерге байланысты бұл әндерді алып тастауды бұйырған.

Әндер плейлист ресми жарияланғанынан кейін жойылды. Трек тізімін футболшылар таңдаған.

Естеріңізге сала кетейік, Еуро-2020 коронавирус кесірінен 2021 жылға ауыстырылды. Чемпионат 11 маусымнан 11 шілдеге дейін Еуропаның 11 қаласында өтеді: Санкт-Петербург, Баку, Амстердам, Будапешт, Бухарест, Глазго, Копенгаген, Лондон, Рим, Мюнхен және Севилья.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или