Жанарынан айырылған ұлына 25 жыл футбол дыбыстаған әке
<p>
<strong>Туғаннан қос жанарынан бірдей айырылған Солтүстік Ирландия азаматы Грехэм Хеслипов өзінің жергілікті футбол командасы «Крузейдерске» 1990 жылдан бері жанкүйер болып келеді. Көзінің кемістігі бар Грехэмге футбол көру оңайға соқпағандықтан, әкесі Билли Хеслип «Крузейдерстің» барлық ойынын басынынан, соңына дейін дыбыстап отырады екен.</strong></p>
<p>
Биллидің ұлына жасаған дыбыстауын тыңдап, ойынға куә болуға келген көптеген жанкүйерлер, әр ойын сайын Грехэм мен әкесінің маңайынан шықпайды екен. 25 жылға жуық «крузейдерстің» үйдегі ойындарын қалт жібермей көретін әкелі-балалы Хеслиповтар жайында бүгінде деректі фильм де түсірілген.</p>
<p style="text-align: center;">
<iframe allowfullscreen="" frameborder="0" height="500" src="https://www.youtube.com/embed/6ZVxkfpYbM8" width="900"></iframe></p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или