Роналду туған күніне шақырған әншіні сотқа бермек

Мадридтік «Реал» клубының көшбасшысы Криштиану Роналду туған күніне шақырған әнші Кевин Ролданды сотқа бермек. Бұл туралы испан басылымдары хабарлауда.

Әншіні португалдық ойыншының өзі шақырған. Бірақ, әлеуметтік желілерде суреттерді таратқан – осы Кевин Ролдан болған. Ол «корольдік клубтың» үздік сұрмергені туған күнін қалай тойлап жатқанын хабарлаған. Сонымен қатар, туған күн кешінің ертесіне бірнеше басылымдарға сұқбат та берген.

Айта кетейік, «Атлетикомен» өткен ойындағы ірі жеңілістен кейін Криштиану Роналдудың туған күнін атап өтуі – жанкүйерлер мен клуб ойыншылары арасында наразылық тудырған еді. Енді оған футболшы Кевин Ролданды кінәлі санауда.

Массагет.кз сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или