ҚПЛ: 11-турдың төрт матчының тікелей трансляциясы

ҚПЛ: 11-турдың төрт матчының тікелей трансляциясы

14 мамырда Нұр-Сұлтан, Орал және Ақтөбеде футболдан Қазақстан чемпионатының 11-турының төрт матчы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нұр-Сұлтан уақытымен 14:00-де «Шахтер» мен «Тұран» кездесуі басталады. Ойын «Астана Аренада» өтеді. Соңғы екі ойында «Тұран» алты ұпай олжалады. Турнирлік кестеде қарағандылық клуб 12-орында, Түркістан клубы бір саты жоғары.

Сағат 16:00-де Оралда «Ақжайық» «Қайратпен» ойнайды. Қазақстан чемпионы қазір үшінші орында. «Ақжайық» биылғы маусымда 5 рет жеңіске жетіп, 5 рет ұтылған. 

Екі сағаттан кейін, 18:00-де, Қобыланды батыр стадионында «Ақтөбе» мен «Қайсар» матчы басталады. «Қасқырлар» турнир кестесінде 13-орынға жайғасқан. Батысқазақстандықтар 9-орында.

Ойын күнінің бағдарламасы «Астана» мен «Жетісу» арасындағы ойынмен аяқталады. «Астана-Аренадағы» матчтың алғашқы ысқырығы Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де шалынады. Елордалық клуб турнир кестесінде сенімді көш бастап тұрса, ал Талдықорған командасы соңғы орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или