Арман Оспановтың америкалық промоушендегі қарсыласы ауысты
Қазақстандық файтер Арман Оспановтың(11-3) Professional Fighters League промоушеніндегі алғашқы жекпе-жегіндегі қарсыласы ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz.
ТАСС журналисі Игорь Лазориннің айтуынша, Оспанов алғашқы кездесуін америкалық Крис Уэйдке қарсы жекпе-жекте өткізеді (18-6). Бұған дейін француз Энтони Деасимен(13-4) кездеседі деп айтылған еді. Жекпе-жек 10 маусымда өтеді.
Еске салайық, Арман Оспановтың соңғы жекпе-жегі 2020 жылы наурызда өтіп, бірінші раундта ресейлік Расул Мирзаевты (18-3) нокаутқа жіберді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или