Денис Евсеевпен Тимофей Скатов халықаралық жарысты сәтті бастады

Денис Евсеевпен Тимофей Скатов халықаралық жарысты сәтті бастады

Қазақстандық теннисшілер Түркия мен Босниядағы турнирді жеңіспен бастады. Бұл туралы теннис федерациясына сілтеме жасаған Olympic.kz. 

Тимофей Скатов Антальядағы турнирдің жекелей сынында ресейлік Владимир Королевпен кездесіп, 1 сағат 5 минутқа созылған матчта 6:2, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Екінші айналымда Скатов швециялық Лео Боргпен жолығады.  Босния мен Герцоговинадағы турнирде Денис Евсеев италиялық Марко Бортолоттиді 7:6, 7:3 есебімен басым түсті.

Айта кетелік, Евсеев аталған турнирдің жұптық сынында да бақ сынайды.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или