Кислицын мен Тұрысбек «Жетісудан» не үшін кеткені белгілі болды

Кислицын мен Тұрысбек «Жетісудан» не үшін кеткені белгілі болды

Талдықорғандық «Жетісу» қорғаушы Александр Кислицын мен шабуылшы Бауыржан Тұрсыбектің командадан кетуіне байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Кейбір БАҚ Александр Кислицын мен Бауыржан Тұрысбек командаластарымен төбелескені үшін командадан шығарылды деп жазды. «Жетісу» ФК ойыншылар командадан кеткенін растайды, дегенмен, командаластармен төбелесті деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

35 жастағы Александр Кислицын жарақатына байланысты кетті. Екі тарап та келісімшартты бұзуға шешім қабылдады. Өйткені футболшының емделуіне ұзақ уақыт кетеді.

29 жастағы Бауыржан Тұрысбек маусымның басында біздің командаға қосылды. Бастапқыда ойыншы мен басшылық арасында егер ойыншы командадан кеткісі келсе, Бауыржан келісімшартты еш қиындықсыз бұза алады деген келісім болған. Ойыншыға Азиялық клубтардың бірінен ұсыныс түсті», - делінген клубтың инстаграмдағы парақшасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или