Роналду жазда «Спортингке» оралуы мүмкін
«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналдудың анасы Долорес Авейро ұлының «Спортингке» оралатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Португалия чемпионатындағы жеңісті тойлап жатқанда, лиссабондық клуб жанкүйерлері одан: «Роналдуды «Спортингке» қашан оралады? Өзі түлеп ұшқан клубтың жейдесінде алаңға шығуына көндіре аласыз ба?» - деп сұрады.
«Мен жақын арада Туринге барып, онымен сөйлесемін. Келесі маусымда ол осында «Жозе Алваладе» стадионында ойнайды. Мен оны көндіремін», - деп жауап берді португалдық футболшының анасы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или