Агуэро «Барселонаға» ауысу үшін жалақысын қысқартуға келісті

Агуэро «Барселонаға» ауысу үшін жалақысын қысқартуға келісті

«Манчестер Сити» шабуылшысы Серхио Агуэро «Барселонаға» ауысу үшін жалақысын қысқартуға келісті.

32 жастағы ойыншыға бірнеше командадан ұсыныс түскен. Дегенмен ол мансабын каталониялық клубта жалғастыруды қалайды. Тіпті, ол «Барселонада» аз жалақымен ойнауға келіскен.

Бұл трансферге каталониялық клубтың бас бапкері Рональд Куман қарсы. Маман Агуэроның командаға қажеті жоқ деп санайды. Ол одан да «Лионнан» Мемфис Депайды шақыруды қарастырып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или