Сегізбаевтың қызы әкесінің жарты ғасырға жуық сақтаған бутсы туралы жазба жариялады

Сегізбаевтың қызы әкесінің жарты ғасырға жуық сақтаған бутсы туралы жазба жариялады

Аты аңызға айналған қазақ футболшысы Тимур Сегізбаевтың қызы Айгүл Сегізбаева әкесінің жарты ғасырға жуық сақталған бутсы туралы әсерлі жазба жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Ол бұл туралы инстаграм желісіндегі жеке парақшасында жазды.

Оның айтуынша, Тимур Санжарұлы Сегізбаевтың бутсы Назарбаев даңғылындағы «Футбол Алемi» @football_alemi шағын футбол дүкенінің құрметті орнында тұр... Бағалы бұйым өткен кездің естелігін жаңғыртып, естен кетпес эмоция сыйлайды.

Даңқты футболшының бұл бутсыны алаңға киіп шыққанына сену қиын болғанымен, ондағы «Сегізбаев» деген қолтаңба барлық күмәнді сейілтеді. Қызының айтуынша, Сегізбаев өте жинақы кісі болған. Бутсын ешқашан лас күйінде сөмкеге салған емес. Алаңға киіп шыққан бутсын қалай тазалағаны сол күйі көз алдында тұрғанын жазады.  

Айгүл Сегізбаева жазбасында әкесінің өзгеде жақсы қасиеттерін атап өткен, әрі ата-анасынан көп жақсы ерекшелікті үйренгенін айтады. Қарапайым бутсы өзіне қаншама жақсы естеліктер сыйлағанын тебірене жазады.

Айта кетейік, бүгін Алматыда Тимур Сегізбаевтың 80 жылдығына орай «Қайрат» ардагерлері мен Қазақстан ұлттық құрамасы ардагерлерінің матчы өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или