«Астана» қақпашысы Қазақстан чемпионатындағы «құрғақ» сериясын ұзартты
33 жастағы «Астана» қақпашысы Дмитрий Непогодовтың «құрғақ» сериясы 410 минутты құрайды, деп хабарлайды Prosports.kz «Астана» ФК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Соңғы рет елордалық команданың қақпашысы Дмитрий Непогодов 2021 жылы 18 сәуірде «Қызыл-Жардың» қорғаушысы Әлібек Қасымның соққысынан кейін гол жіберіп алды. Дмитрий Непогодов осы маусымда бесінші матч қатарынан гол өткізбеген.
Қазақстан чемпионатының рекорды «Қайраттың» қақпашысы Сергей Бойченкоға тиесілі, ол 2005-2006 маусымда 921 минут бойы қақпасын голдан аман сақтаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или