«Жетісудағы» жанжал: төбелес шығып, бір футболшы ауруханаға түскен, екеуі клубтан қуылған
«Жетысу» футбол клубында жанжал шықты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты «Тень отца Гурмана». телеграм арнасына сілтеме жасап.
«Жетісу» «Ақтөбедег» ойсырай жеңілгеннен кейін (1:5) төбелес шығып, нәтижесінде ойыншылардың бірі ауруханаға түскен.
Оқиға былай болған: Талдықорғандық клубтың екі тәжірибелі футболшысы - Бауыржан Тұрысбек пен Александр Кислицын жас ойыншыларға алаңда барын салып ойнамады деп мін таққан. Аслан Жанұзақов жастарды жақтап, жанжал салдарынан ауруханадан бір-ақ шыққан. Тұрысбек те зардап шеккен көрінеді.
Дереккөз енді Тұрысбек пен Кислицын «Жетысудан» қуылады деп болжап отыр.
Prosports.kz редакциясына белгілі болғандай, Тұрысбек және Кислицынмен келісімшарттар біржақты бұзылған.
Қазақстан чемпионатының 10-турынан кейін «Жетысу» бір ұпаймен кестенің жертөлесіне жайғасқан. Маусым басталғанға дейін резервтік стадионның қол жетімді болмауына байланысты комардадан үш ұпай алынып тасталған еді.