«Тұран» сапына сұрмерген шабуылшы қосылды

«Тұран» сапына сұрмерген шабуылшы қосылды

Түрікменстан ұлттық құрамасының ойыншысы Вахыт Оразсахедов «Тұран» футбол клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ендігі жерде тұрандықтардың сапындағы 28 жастағы футболшы 3-ші нөмірде өнер көрсететін болады.

Оразсахедов Түркменстанда туып, жергілікте жерде еңбек жолын бастаған. Алғашқы кәсіби командасы – «Рубин» Казань, содан кейін «Нижнекамск» командасынан «Нефтехимикке» жалға берілді.

Оның сәтті кезеңі түріктің «Османлиспор» клубында болды (осы уақытта - «Анкараспор»): 16 матч, 13 гол.

Форвард 2016-2018 жылғы маусымды түркімендік «Ахалда» өткізді
(56 матч, 23 гол). 2018-2019 – «Алтын Асар» (21 матч, 13 гол).

2019 жылғы маусымда Оразсахедов Қырғызстан чемпионатының бомбардирі болды: жаңадан келген ойыншы «Дордойдың» қақпасына 20 гол соқты.

Содан кейін, тәжікстандық «Истиклол» командасына командасына ауысып, (10 матч, 6 гол), авторы атанды. Сол кезеңде бүкіләлемде коронавирус өршіп, карантиндік бұғатталуыға байланысты Вахыт Түркиядан шыға алмады.

Ұлттық құраманың құрамында 12 матч өткізіп, 5 гол соқты

Бүгін жаңадан келген ойыншы «Тұран» командасымен таныстырылып, жалпы топтағы алғашқы жаттығуын өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или