Бөрібаев «Қызыл-Жарға» қарсы матч туралы пікірін айтты
«Тұран» ФК бас бапкері Абдухалық Бөрібаев Қазақстан чемпионатының 10-турында «Қызыл-Жарға» (1:0) қарсы матч туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Осымен қатарынан екінші рет жеңістеріңіз құтты болсын. Бүгінгі мачта командаңыз қандай ойын деңгейін көрсетті?
- Бүгінгі əрине жоспарланған ойын болды. Қарсыластар қиын болды, əлбетте олардың жоғары дайындалғаны көрініп тұр. Олар бірінші таймда өз тактикалары бойынша шабуылда ойнады.

- Неліктен Стэнлиді алаңға шығарып, бес минуттан соң ауыстырдыңыз?
- Екінші тайм барысында Стэнлиді шығарған себебім, шабуылды күшейту керек болды. Сөйтсек, ол ойынға дайын болмай шықты. Қозғалысына қарап, жаттығу кезінде дайын болғанымен матч кезінде дайын болмайтын ойыншылар болады. Сондықтан да оны ойын барысында ауыстыруға мəжбүр болдық.

- Жалпы бүгінгі ойынға бапкер ретінде көңіліңіз толды ма?
- Əрине, көңілім толды. Ойыншылар кездесу кезінде күш-жігерлерін көрсетті. Дегенмен, футболшылармен өте көп жұмыс істеуіміз керек. Жарақат алып жатқан футболшыларымыз бар. Əлі де болса көп жұмыс атқаруымыз керек. Сонда ғана жеңіс болады деген сенімдеміз.