«Қайрат» ФК жанкүйерлеріне «Жига» деректі фильмін ұсынды
Алматылық «Қайрат» жанкүйерлеріне «Жига» деректі фильмін ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Басты кейіпкер - алматылық клубтың жартылай қорғаушысы Гүлжігіт Алықұлов.
Деректі фильмде қырғыз футболшысы Түркия мен Беларусь елдеріндегі мансабы, алға қойған жоспары, «Қайрат» клубының базасы жайлы айтты. Сондай ақ, алға қойған үлкен мақсатымен бөлісті.
Айта кетейік, 20 жастағы футболшы «Қайрат» қатарына өткен жылдың қаңтар айында қосылды. Алматылық клуб футболшы үшін «Неман» клубына 180 мың еуро төлеген.
2020 маусымда командамен бірге Қазақстан чемпионы атанды. Ұжымның үздік футболшыларының бірі болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или