«Тұран» - «Қызылжар» матчын көрермендердің келуіне рұқсат берілді

«Тұран» - «Қызылжар» матчын көрермендердің келуіне рұқсат берілді

9 мамырда футболдан Қазақстан чемпионатының «Тұран» - «Қызылжар» матчы өтеді. Ойын «Түркістан-Аренада» сағат 20:00-де басталады.

Матчқа билеттерді «Түркістан-Арена» стадионының маңында орналасқан кассасынан сатып алуға болады.

A2, B1, B2, C1, C2, D1, D2 секторларына билеттер бағасы 500 теңгені құрайды. G1, G2, K1, K2 секторларына билеттер бағасы - 1000 теңге. Кассалар 9 мамырда сағат 16:00 мен 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Ең бастысы билеттерді тек «Түркістан Арена» стадионының кассасынан сатып алыңыз. Қолмен, үшінші тұлғалардан немесе онлайн сатып алған билеттер жарамсыз!

Еске салайық, облыстың бас санитарлық дәрігерінің шешімі бойынша, санитарлық талаптарды қатаң сақтап, 20 пайыз көрерменнің стадионға келіп көруіне рұқсат етілді. Бетпердесіз стадионға кіруге тыйым салынады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или