Күрес

Әйелдер күресінен іріктеу турнирі: Жамиля Бақбергенова Олимпиада жолдамасын жеңе алмады

Әйелдер күресінен іріктеу турнирі: Жамиля Бақбергенова Олимпиада жолдамасын жеңе алмады
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстандық балуан Жамиля Бақбергенова Болгарияда күрес түрлерінен әлемдік іріктеу жарысының жартылай финалында ұтылып қалды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Олимпиада жолдамасын сарапқа салынған белдесуде ол әзірбайжандық Елис Маноловадан 3:5 есебімен жеңілді. Осылайша, Жамиля Бақбергенова 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға шыға алмады.

Айта кетерлігі, күрес түрлерінен әлемдік іріктеу жарысында финалға шыққан балуандар Олимпиадаға жолдама ұтып алады.

Сондай-ақ, Қазақстан құрамасынан бүгін Алтынай Сатылған (57 кг) мен Айна Теміртасова (62 кг) жарыстың алғашқы айналымында жеңіліп қалып, Олимпиада жолдамасынан тыс қалды.

Бүгінде әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының қоржынында Олимпиаданың үш жолдамасы бар. Оны Валенитна Исламова (50 кг), Татьяна Ахметова (53 кг) және Эльмира Сыздықова (76 кг) жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер