«Атырау» стадионға көрермен кіргізгені үшін 500 мың теңге айыппұл төлейді
«Атырау» клубына ел чемпионаты аясында өз алаңында өткен «Каспийге» қарсы матчта стадионға көрермендерді кіргізгені үшін айыппұл салынды.
Карантин талаптарына қарамастан «Атырау» клубының басшылығы өз бетімен көрермендердің келуіне рұқсат еткен. Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік-бақылау комиссиясының жианында клубқа айыппұл салынды.
«Тәртіптік регламенттің 66-бабына сәйкес «Атырау» ФК-ға 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынсын. Бұл 583 400 (бес жүз сексен үш мың төрт жүз) теңгені құрайды.
«Атырау» футбол клубы 2021 жылдың 4 маусымына дейін айыппұл төлесін» -делінген Қазақстан футбол федерациясының ақпаратында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или