«Қайратты» жаттықтарған бапкер еуропалық клубты тізгіндеді
Грузия құрамасының тізгінінен кеткен Владимир Вайсс отанына оралды, деп хабарлайды<span> </span>Prosports.kz<span> </span>сайты.
<span>Sputnik-georgia </span>мәліметінше, Владимир Вайсс Братиславаның «Слован» командасының тізгініне келеді. Ол бұл орында Дарко Миланичті алмастырады.
Естеріңізде болса, словакиялық маман 2013-2015 жылдар аралығында «Қайратты» жаттықтырған еді. Өткен жылы «Астана» Владимир Вайссты сол кездегі бапкер Роман Григорчуктың орнына қарастырған. Тіпті, словакиялық маман Қазақстанға келіссөз өткізуге келген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или