Логвиненко «Ақтөбеге» сапына оралды

Логвиненко «Ақтөбеге» сапына оралды

Қазақстандық тәжірибелі қорғаушы Юрий Логвиненко «Ақтөбе» сапына оралды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Таяуда ол ресейлік «Ротор» сапынан кеткен еді. Бұған футболшының денсаулығы себеп болды. 32 жастағы жартылай қорғаушымен келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша қосымша төлемсіз бұзылды.

«Ақтөбе» Қазақстан Премьер-лигасының 9-туры аясында жексенбіде көш басындағы «Астананы» қабылдайды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или