«Ақтөбені» ресейлік бапкер жаттықтыруы мүмкін
«Ақтөбенің» бас бапкері қызметіне алғашқы кандидат ресейлік маман Сергей Первушин болады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
51 жастағы бапкер карьерасын тек Тамбовта өткізген, 2005 жылы карьерасын сонда аяқтаған. 2020/21 жылғы маусымнан кейін Петрушин жаттықтыратын «Тамбов» Ресей Премьер-лигасынан кетеді, ал маусымда клуб кәсіпқой статусынан айырылады.
Дереккөз мәліметінше, «Ақтөбенің» қазіргі бас бапкері Алексей Багаға жағдайды түзету үшін екі тур берілген, алайда облыс әкімі беларусьтік бапкермен келісімшартты бұзған.
Еске салайық, «Ақтөбе» Қазақстан Премьер-лигасының 9-турынан кейін 9 ұпаймен 10-орында тұр. Команда кейінгі төрт матчта жеңілген болатын.